Қазақстанда пәтер қымбаттауына не себеп? Мамандар түсіндірді

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Түрлі ипотекалық бағдарламаның қосылуы мен зейнетақы жинақтарынан алу үшін жеткілікті шектің өсуі Қазақстандағы баспана бағасына айтарлықтай әсер етті. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сарапшылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түрлі ипотекалық бағдарламаның қосылуы мен зейнетақы жинақтарынан алу үшін жеткілікті шектің өсуі Қазақстандағы баспана бағасына айтарлықтай әсер етті. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сарапшылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі қайталама тұрғын үй бағасы былтырмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға өсті. Жаңа пәтерлер 20 пайызға қымбаттады.

Сарапшылар алдағы айларда Қазақстанда 1 сәуірден бастап зейнетақыны алу үшін жеткілікті шектің көтерілгеніне қарамастан баспана арзандамайтынын айтады. Өтінім бере алған қазақстандықтар сатып алу бойынша мәмілелерді әлі аяқтаған жоқ. Айта кетейік, дәл осы қажет жинақтардың артуы туралы жаңалық жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысты екі есеге арттырды - бұл өз кезегінде бағаның өсуіне себеп болды.

Мысалы Алматыда қайталама тұрғын үйдің шаршы метрі 650 000-740 000 теңге аралығында. Мамандардың сөзінше, бағаға әсер ететін тағы бір фактор - ипотекалық бағдарламалардың қосылуы. 

"Бес жыл бұрын 18 миллион теңгеге панель үйден үш бөлмелі пәтер алуға болатын еді. Бүгінде бұл сомаға панель үйден бір бөлмелі пәтер алуға болады, оның өзінде оны іздеу керек. Яғни бұл кейінгі бес жылдағы айырмашылық. Яғни "Баспана Хит" ипотекалық бағдарламасы, зейнетақы жинағынан ақша алу әсер еткен. Үлкен сұраныс пайда болды", - дейді сарапшы Александр Бекетов. 

Экономистердің сөзінше, бағаның қалыптасуына әлемдік экономикалық ахуалдың нашарлауы әсер етеді. Мысалы шетелде импорттық құрылыс материалдарының құны өсіп кеткен. 

"Жаңа тұрғын үй салу үшін көптеген құжат қажет. Құрылыс компаниялары құжатты алуы үшін ұзақ күтуі керек. Егер құрылыс созылса, құрылысшыларға да жалақыны көбірек беру керек. Оның бәрі үйдің шаршы метрінің бағасына әсер етеді. Бюрократиялық процестерді қысқартып, құрылыс материалдарын жасайтын компанияларға қолдау көрсету керек деп есептеймін", - дейді экономист Мақсат Халық. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro