ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сатып алу мүмкіндігі жоқ жалдамалы үйдің қалай берілетінін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында ол Мемлекет басшысының баспана мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 15 жылдың ішінде 1,5 миллион пәтерді сатып алу мүмкіндігі жоқ және тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы салуды тапсырғанын еске салды.
ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сатып алу мүмкіндігі жоқ жалдамалы үйдің қалай берілетінін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында ол Мемлекет басшысының баспана мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 15 жылдың ішінде 1,5 миллион пәтерді сатып алу мүмкіндігі жоқ және тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы салуды тапсырғанын еске салды.
Оның айтуынша, алға қойылған міндеттерді орындау үшін баспана салу бойынша бірыңғай оператор ретінде "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамын, оның еншілес ұйымы "ҚИК" ИҰ" АҚ-ны (ретінде сатып алу құқығы жоқ жалдамалы үй құрылысы үшін) және ТҮҚЖБ-ні (кредитті баспананы сатып алуды қамтамасыз ету үшін) бекіту ұсынылып отыр.
"Сатып алу құқығы жоқ жалдамалы баспана халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына, жұмыс күшінің қозғалыс мобилдігін артыру үшін беріледі. Айта кеткім келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында 10 ақпанда "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамы сатып алу құқығы бар жалдамалы үйдің құрылысы жүзеге асырыла бастады. Осы мақсатта Ұлттық қордан 53 миллиард теңге 20 жыл ішінде қайтарылатын негізде бөлінді. Осыған байланысты басталып қойған құрылыстың арнаулы бағытын сатып алу құқығы жоқ жалдамалы баспанаға өзгерту ұсынылып отыр және оның өтелімділігінің ұзақ мерзімге созылатынын есепке ала отырып, бөлінген қаражаттың қайтарылу мерзімін 60 жылға дейін ұзарту ұсынылады. Егер Сіздер мақұлдасаңыздар, Министрлік Ұлттық қорды басқару жөніндегі қордың хаттамасына өзгерістер енгізу бойынша қажетті жұмыс жүргізеді", - деді ол.
Оның айтуынша, өз кезегінде кредиттік тұрғын үйдің құрылысы баспанаға мұқтаж азаматтардың тұрғынүйқұрылысжинақ құралдарын пайдалануына ынталандыруға бағытталады. Бүгінде тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі салымшыға 50 пайызын жинағанда қарыз алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй құрылысын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту арқылы қолдау жалғасады.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 15 жыл ішінде 1,5 миллион отбасын баспанамен қамтуды тапсырған болатын. "Жалға берілетін баспананы сатып алу мүмкіндігі жоқ етіп жасау керек, себебі жұмыс тобының мобилділігі болуы керек. Басқа қалаға көшіп бара алатындай болуы керек. Екінші банктермен жұмыс істейік", - деген еді Президент.
Кейін "Бәйтерек" басшысы Ерболат Досаев жалдамалы баспана берудің сатып алу мүмкіндігі болмайтын жаңа механизмін түсіндірген болатын. "(...) Әр жерлерде өзіндік жалға беру қоры құрылатыны айтылып отыр. Себебі адамдар ауыса беретін болса, біз жалдамалы баспанаға үздіксіз қаражат құюымыз керек болады. Егер адамдар өз тұрғын үйінің жағдайын жақсартқысы келсе, олар "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне" келесі деңгейге өте алады мәселен. Ал жалдамалы үй басқа отбасыларға қалады. Бұл қалыпты эволюциялық форма. Осы форманы нарықты ынталандыру үшін, нарыққа келіп жатқандар осылай істеуге болатынын білуі үшін тұңғыш рет жасадық. Жаңа кезеңде біз жаңа жалдамалы тұрғын үй қорын құрамыз. Мәселен жас отбасылар балалары болғанда басқа пәтерге көшіп бара алатындай болады, біреу мүлік алғысы келуі мүмкін. Жалдамалы қор әрқашан жергілікті атқарушы органдарда немесе басқарушы компанияларда болады", - деді Досаев.