10 ақпан 2015 19:12

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©allday.ru ©allday.ru

Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 17,8 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 17,8 пайызға азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу мен сатуға байланысты тіркелген мәмілелердің саны 11 384 болды, бұл көрсеткіш - өткен аймен салыстырғанда 17,8 пайызға төмен. Ал бұл көрсеткішті 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,9 пайызға азайғаны белгілі болды.

Комитеттің мәліметтері бойынша, қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу мен сату бойынша ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда қаңтар айында жалпы саны 235 мәміле жасалған және бұл көрсеткіш - өткен аймен салыстырғанда 22,7 пайызға төмен. Одан кейінгі орында Атырау облысы тұр, мұнда қаңтар айында 297 мәміле жасалған, көрсеткіш өткен айдағыдан 22 пайызға төмен. Үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр, бұл өңірде бір айда 372 мәміле жасалып, көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 24,8 пайызға төмендегені анықталды. Алайда пайыздық көрсеткіш жағынан ең бірінші орында Ақтөбе облысы тұр, мұнда үйді сатып алу мен сату бойынша жасалған мәмілелердің саны өткен айдағымен салыстырғанда 39,1 пайызға төмендеген. Бірақ бұл өңірде қаңтар айында 594 мәміле жасалды.

Бұл тізімнің ішінде Қазақстандағы ең басты екі қала да бар. Алматыдағы көрсеткіштің 16 пайызға, ал Астанадағы көрсеткіштің 5,3 пайызға төмендегені анықталып отыр. Айта кетейік, ақпарат 2015 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша ҚР Әділет министрлігінің деректері негізінде дайындалған.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың аяғында елімізде баспана сатып алушылар қатарының азайып бара жатқаны хабарланған болатын. Қараша айында жылжымайтын мүліктің отандық нарығында шамамен 13 мың сату-сатып алу мәмілесі жасалған. Бұл - қазан айындағы көрсеткіштен 1800-ге кем. Белсенділіктің республиканың барлық аймағы бойынша төмендегені байқалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети