27 желтоқсан 2022 10:32

Қазақстандық компания Мәскеудегі сауда орталығын сатып алады - ФМҚҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: tripadvisor.ru Фото: tripadvisor.ru

Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметі (ФМҚҚ) қазақстандық "М Холдинг Лтд" компаниясына америкалық Morgan Stanley қорынан Мәскеудегі "Метрополис" сауда ойын-сауық орталығын сатып алуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметі (ФМҚҚ) қазақстандық "М Холдинг Лтд" компаниясына америкалық Morgan Stanley қорынан Мәскеудегі "Метрополис" сауда ойын-сауық орталығын сатып алуға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ФМҚҚ "М Холдинг Лтд" компаниясының Мәскеудегі Ленинград шоссесіндегі "Метрополис" сауда орталығын сатып алу туралы өтінішін қанағаттандырды. "М Холдинг Лтд" холдинг қызметін жүргізетін қазақстандық компания. Ведомство мәліметінше, мәміле коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру нарығындағы бәсекелестік жағдайына әсер етпейді", - делінген Ресейдің монополияға қарсы агенттігінің Telegram-каналында.

Мәміленің құны белгісіз.

Айта кетейік, "Метрополис" сауда орталығы 2009 жылы ашылған. Оның жалпы ауданы 209 мың шаршы метр, жалға алынғаны – 82 мың шаршы метр.

Ашық дереккөздерде "М Холдинг Лтд" атауы бар қазақстандық компания туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар, ресейлік контрагенттерді тексеру және талдау қызметтерінде заңды мекенжайы Ижевск қаласында (Удмурт Республикасы, Ресей) орналасқан "М Холдинг Лтд" компаниясы туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, бұл ұйым 2016 жылдың желтоқсанында таратылғаны көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети