25 мамыр 2017 | 11:28

Қазақстандықтар қандай пәтер сатып алғысы келеді? - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Homsters.kz © Homsters.kz

Қазақстандықтардың 80 пайызы жаңа пәтер сатып алғысы келеді. Бұл туралы Homsters.kz онлайн қызмет көрсету орталығының мамандары айтып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтардың 80 пайызы жаңа пәтер сатып алғысы келеді. Бұл туралы Homsters.kz онлайн қызмет көрсету орталығының мамандары айтып отыр.

Сарапшылардың мәліметінше, қазақстандықтардың 52 пайызынан көбі 2000 жылдардан кейін салынған үйлерді сатып алғысы келеді. Ал 1980-90 жылдары салынған нысандарға деген сұраныс 27 пайызға төмендесе, 1980 жылға дейін салынған үйлерге деген сұраныс 21 пайызға төмендеген.

"Қазақстандықтар кең әрі заманауи пәтерлерде тұруды қалайды. Ал мұндай пәтерлерді өткен ғасырларда салынған нысандардан табу өте қиын. Соңғы 5-10 жылда салынған үйлерден пәтер іздейтін клиенттердің саны жеткілікті", - деді орталықтың маманы.

Сондай-ақ, мамандар өңірлердегі пәтерлерге деген сұраныста ерекшеліктердің бар екенін айтып өтті. Олардың мәліметінше, Алматыда көбінесе 1980-1990 жылдары салынған тұрғын үйлердің сұранысы жоғары (36 пайыз). Алматылықтардың қалған 35 пайызы 1980 жылдарға дейін салынған үйлерді қаласа, 29 пайызы 2000 жылдардан кейін салынған үйлерде тұрғысы келеді екен.

Ал елорда сатып алушыларының 64 пайызы 2000 жылдардан кейін салынған үйлерді сатып алғысы келеді. Мамандардың айтуынша, астаналықтардың 22 пайызы 1980-90 жылдары салынған нысандарды, ал 14 пайызы ғана 1980 жылдарға дейін салынған үйлерді сатып алғысы келеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети