03 маусым 2016 | 14:33

Қазақстанның 10 өңірінде баспана қымбаттады - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сәуір айында елімізде жаңадан салынған баспаналардың бағасы 12,5 пайызға, ал қолданыста болғандары 11,5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық қызметі. Мамандардың айтуынша, сәуірде жаңадан салынған баспаналардың шаршы метрінің құны 253,2 мың теңге, ал қайталама нарықтағы баспананың шаршы метрінің бағасы 193,2 мың теңге болды.

Иконка комментария блок соц сети

"Өзге өңірлермен салыстырғанда сәуірде ең қымбат жаңа үйлер елордада (шаршы метрдің бағасы 354 мың теңге, бұл орташа көрсеткіштен 71 пайызға жоғары) тіркелді. Екінші орында 312 мың теңгемен Атырау облысы (орташа көрсеткіштен 50 пайызға жоғары) тұрса, үштікті Маңғыстау облысы (309,5 мың теңге, 49 пайызға жоғары) қорытындылады", - деді сарапшылар.

Мамандардың айтуынша, былтырғы сәуір айымен салыстырғанда жаңа баспаналардың бағасының өсуі Павлодар (+39,2 пайыз), Жамбыл (+29 пайыз) және Маңғыстау (+20,4 пайыз) облыстарында байқалған. Қарағанды, Қызылорда, Алматы облыстарында жаңа баспаналардың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал СҚО, БҚО және Ақтөбе облысында баға арзандады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети