10 ақпан 2018 | 15:45

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында белсенділік төмендеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© allday.ru © allday.ru

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сатып алу белсенділігі төмендеді, деп жазады Krisha.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сатып алу белсенділігі төмендеді, деп жазады Krisha.kz.

Порталдың хабарлауынша, қаңтар айында республика бойынша 16 380 мәміле тіркелген, ол желтоқсан айымен салыстырғанда 13,3 пайызға төмен.

"Еліміздің 14 өңірінде кері динамика байқалды. Әсіресе Атырау (-51,1 пайыз), Ақмола (-35,8 пайыз) және Павлодар (-35,3 пайыз) облыстарында көрсеткіш максималды түрде құлдырады, ал Алматы (-1,4 пайыз), Қарағанды (-1,5 пайыз) және Қызылорда (-5,7 пайыз) облыстарында көрсеткіштің құлдырауы минималды болды", - делінген жарияланымда.

Тұрғын үй нарығындағы белсенділіктің артуы Астана қаласы мен Ақтөбе облысында ғана байқалды, мәмілелер саны 3,2 және 2,5 пайызға артқан. 

Мамандардың айтуынша, биыл қаңтарда баспана жөнінде жасалған операциялар саны бойынша Астана (2 501) көш бастап тұр, одан кейінгі орындарда Алматы (2 351) және Қарағанды облысы (1 787), ал аутсайдерлер - Қызылорда (322), Атырау (407) және Солтүстік Қазақстан облыстары (433).

"Дегенмен, жылдық көрсеткіш бойынша, яғни 2017 мен 2018 жылдың қаңтар айларын салыстырғанда Қазақстанда жасалған мәмілелер саны 1,2 пайызға артқан", - дейді мамандар.

Айта кетейік, қаңтарда жасалған 16 380 мәміленің ішінде 11 882 - пәтерлер, 4 498 - жеке үйлер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети