Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап пәтер 13 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Қазақстанда 2020 жылдың қаңтарынан бастап пәтер 13 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Сайт мәліметінше, мұндай динамика бірнеше өңірде байқалған. Мысалы Атырауда пәтердің шаршы метрі 278 мың теңгеден. Бұл елдегі ең төменгі көрсеткіш - 5,6 пайыз.
Нұр-Сұлтанда шаршы метрі 358 мың теңгеден, осы жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7 пайызға қымбат.
Алматыда динамика 7 пайызға тең, шаршы метрі - 450 мың теңгеден.
Қызылордада - 9,5 пайыз, шамамен 150 мың теңге.
Он пайыздан жоғары көрсеткіш тіркелген өңірлер:
- Талдықорғанда: +12.6 пайыз, 255 мың теңге;
- Қостанайда: +12.8 пайыз, 242 мың теңге;
- Ақтөбеде: +13.3 пайыз, 171 мың теңге;
- Көкшетауда: +13.4 пайыз, 247 мың теңге;
- Оралда: +14.6 пайыз, 234 мың теңге.
Семей мен Қарағандыдағы индекс 17,3 пайызға, Шымкентте - 17,4 пайызға өскен. Өңірлердегі қазіргі бағалар: 223 мың теңге, 271 иың және 292 мың теңге.
Тараз бен Петропавлда пәтердің құны орташа есеппен 19,5 пайызға, Павлодарда 19,6 пайызға өскен. Аталған өңірлерде пәтердің шаршы метрі - 205 мың, 278 мың және 233 мың теңге.
Ең жоғары көрсеткіш Өскеменде тіркелген. Қазан айында 1 шаршы метр 276 мың теңге болған, бұл қаңтармен салыстырғанда 22,4 пайыз қымбат.
Елімізде пәтер құны төмендеген өңір - Ақтау. Өңірде пәтер құны 0,7 пайызға қымббааттаған. Ақтауда пәтерлердің шаршы метрі - 199 мың теңгеден.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!