Қолданыстағы жеткілікті шек бойынша зейнетақы жинағының артық бөлігін қашанға дейін алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қолданыстағы жеткілікті шек бойынша зейнетақы жинағының артық бөлігін қашанға дейін алуға болады? Фото: Тұрар Қазанғапов

Қолданыстағы жеткілікті шек бойынша зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін қазақстандықтар еnpf-otbasy.kz платформасында 28-29 наурызға дейін өтініш беруі қажет , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

"Отбасы банктегілердің" айтуынша, өтінім екі жұмыс күні ішінде қаралады және БЖЗҚ-ға жіберіледі.

Одан әрі қор бес жұмыс күні ішінде ақшаны "Отбасы банкте" немесе басқа оператор банкте ашылған арнайы шотқа аударады.

Арнайы шотқа ақша аударылғаннан кейін өтініш беруші 20 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды жүктеуі тиіс.

Оператор оларды тексеріп, ақшаны алушыға (тұрғын үй сатушыға) 10 жұмыс күні ішінде аударады.

Еске салайық, 1 сәуірден бастап зейнетақы шегі (алынбайтын сома) 60-80 пайызға артады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети