1 қазаннан кейін 2021 жылға жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 65 мыңнан аса алматылық банк қызметтерінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
1 қазаннан кейін 2021 жылға жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 65 мыңнан аса алматылық банк қызметтерінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, салық төлемеген азаматтардың банк шоттарын ашып, ақша аударып, несие алу және т.б. мүмкіндігі болмайды. Мұның бәрі салық заңнамасында жазылған.
"Меншігінде жеке үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және басқа да ғимараттары бар тұлғалар салық төлеуші болып саналды. Төлеу мерзіміне санаулы күндер қалғанына қарамастан, 65 215 тұрғын жалпы сомасы 945 миллион теңге салық төлемеген. Төленбеген салықтың көп бөлігі Бостандық ауданының тұрғындарына тиесілі – шамамен 15 миллион теңге", - деді Алматы МКД өкілдері.
Төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген ресми ставканың 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
"Салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салықтық бұйрықтарды жібереді, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлік пен банк шоттарына тыйым салуды, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуды шектеуді қолданады. Сонымен қатар, қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары ұсталады.
Салықтарды төлемеуге байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын күндері жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуге шақырамыз. Барлық сұрақ бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады" ,- деп толықтырды департамент өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті 1,7 миллионға жуық қазақстандық 5,7 миллиард теңге көлемінде мүлік салығын төлемегенін хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!