Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады

Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин баспасөз конференциясында айтты. 

Оның айтуынша, базар аумағының нысан мақсаты өзгерген. Оразалин сондай-ақ, базардағы сауда-саттық осы жылдың сәуіріне дейін жалғасатынын айтты. 

"Никольский базары аумағында тұрғын үй кешені салынатын болып өзгерді. Онда 170-ке жуық кәсіпкер қазіргі уақытта сауда-саттық жасап жүр. Бірақ базардың 2020 жылы сәуірге дейін ғана істейтіні туралы хаттама алды. Яғни, олар жоспарлау мүмкіндігіне ие болды. Олардың 20-30 пайызы басқа жерлерге кетті. Қалғандарына басқа базарларда орын табу ұсынылды. Бір жақты тәртіппен ешкімді базардан қуып жатқан жоқ", - деді Оразалин.

Осыған дейін, Алматыдағы ескі базарлардың бірі - Никольский - жөнделетіні айтылды. Оның орнына сауда орталығы салынады деп жоспарланған. 

Базардың сүрілетіні туралы 2019 жылы желтоқсанда белгілі болды. Базар әкімшілігі сүрілмейтінін, яғни контейнерден құралған базарға жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети