Никольский базарының орнында тұрғын үй кешені салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин баспасөз конференциясында айтты.

Оның айтуынша, базар аумағының нысан мақсаты өзгерген. Оразалин сондай-ақ, базардағы сауда-саттық осы жылдың сәуіріне дейін жалғасатынын айтты.
"Никольский базары аумағында тұрғын үй кешені салынатын болып өзгерді. Онда 170-ке жуық кәсіпкер қазіргі уақытта сауда-саттық жасап жүр. Бірақ базардың 2020 жылы сәуірге дейін ғана істейтіні туралы хаттама алды. Яғни, олар жоспарлау мүмкіндігіне ие болды. Олардың 20-30 пайызы басқа жерлерге кетті. Қалғандарына басқа базарларда орын табу ұсынылды. Бір жақты тәртіппен ешкімді базардан қуып жатқан жоқ", - деді Оразалин.
Осыған дейін, Алматыдағы ескі базарлардың бірі - Никольский - жөнделетіні айтылды. Оның орнына сауда орталығы салынады деп жоспарланған.
Базардың сүрілетіні туралы 2019 жылы желтоқсанда белгілі болды. Базар әкімшілігі сүрілмейтінін, яғни контейнерден құралған базарға жөндеу жүргізілетінін айтқан болатын.