"Арай-3" тұрғын үй кешеніндегі 55 миллион теңге тұратын пәтер - қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан нарығындағы ең қымбат бір бөлмелі пәтер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Арай-3" тұрғын үй кешеніндегі 55 миллион теңге тұратын пәтер - қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан нарығындағы ең қымбат бір бөлмелі пәтер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Krisha.kz сайтында жарияланған ең қымбат пәтерлердің рейтингі жасалған.
Тізімге үй иелері жіберген суреттер мен тексерілген агенттіктердің пәтерлері енген.
"Арай-3" ТК. 55 миллион теңге
"70,9 шаршы метр бір бөлмелі пәтер сатылып жатыр. Оған жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Үй 2018 жылы шілдеде қолдануға берілген. "Бәйтерек" маңында орналасқан бірінші қабаттағы пәтерде жайлы холл бар.
Бірінші қабаттағы холл.
Asyl Park ТК. 40 миллион теңге
Елорданың солтүстік жағалауында орналасқан жайлы үй. 72 шаршы метр, үй 2017 жылы қолданысқа берілген.
Krisha.kz сайтының роботы осы пәтерлердегі шаршы метрі - 645 мың теңге тұратынын есептеген, ал осыған ұқсас үйлердің орташа бағасы 362,2 мың теңге.
"Янтарный" ТК. 37 миллион теңге
Пәтер 7-ші қабатта орналасқан. 2015 жылы салынған. 70 шаршы метр. Үйге қымбат жөндеу жұмыстары жүргізілген және пәтерді жиһазымен бірге сатады.
"Янтарный" ТК. 36 миллион теңге
Суреттерден бұл пәтердің қандай жағдайда екенін айту қиын. Жарнаманың авторы үйде ас бөлмесі, лоджия, жаңа сантехника орнатылан. Пәтер жиһазбен бірге сатылады.
"Янтарный" ТК. 35 миллион теңге
Жарнама авторы пәтерді жақын арада сату керектігін айтады, сондай-ақ, бұл үй табыс табатын үй екен. Алайда үй иесе нақтыламаан. Суретте үй кең әрі жинақы: онда үлкен ас бөлмесі және бір бөлме бар, жаңа сантехника.
"Премьера" ТК, 34,5 миллион, және Asyl Park ТК 34 миллион теңге
Үй 2015 жылы берілген, пәтерлер 7-ші және 8-ші қабатта орналасқан.
Asyl Park ТК. 33 миллион теңге
Бұл үй басқалардан өзгерек: пәтер "лофт" стилінде салынған.
Нұр-Сұлтанда ең арзан бір бөлмелі пәтер 2,8 миллион теңгеден басталатыны айтылады. Негізінен олар 1960-70 жылдары салынған үйлерде.