09 қаңтар 2020 | 17:17

Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 2000-ға жуық отбасы тұрғын үймен қамтылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

2020 жылы елордалық 2 мыңға жуық отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасының аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2020 жылы елордалық 2 мыңға жуық отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасының аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республикалық бюджеттен қаржыландырудың көбеюіне байланысты 2020 жылы берілетін пәтер саны артып отыр. Бұдан бөлек, мұқтаж отбасыларға тұрғын үйді сатып алудағы көмек жергілікті бюджет есебінен де жүзеге асырылады. Бағдарламаның әрбір қатысушысына 1 миллион теңге  мөлшерде тұрғын үй сертификаттары бөлінетін болады.

Үш баласымен бірге көп жылдан бері үй жалдап келген Тоғжан Смаилова да осы жылы қоныс тойын тойламақ.

"Енді менің де су жаңа екі бөлмелі пәтерді сатып алуға мүмкіндігім туды. Өткен жылдың шілде айында мен "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға сұранымды жібердім. Бағдарламаға қатысуға жіберген құжаттарым мақұлданды. Қазір несие рәсімдеуге қажетті құжаттарды жинап жүрмін", - деп ол қуанышымен бөлісті.

Былтыр бағдарлама аясында елордалық 721 отбасы тұрғын үймен қамтылған. "Бақытты отбасы" бағдарламасының екінші кезеңін наурыз айына жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Тұрғын үйге үміткер азаматтар санатына көп балалы, толық емес отбасылар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелейтін отбасылар жатады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Тұрғын үй беру бойынша азаматтарды есепке алу бөлімінің басшысы Данияр Балтиннің айтуынша, қарыз 2 пайызға беріледі,  яғни отбасы 10 миллион теңге қарыз алса, ай сайынғы төлем 20 жылға шаққанда 50 мың теңгені құрайды. Ал артық төлем 2 миллион жуық теңгені құрайтын болады.

Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 100 млрд теңге қаражат бөлінгендігін атап өткен жөн. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаты үшін пәтерлерді сатып алуда көмекті жергілікті билік те көрсетіп отыр. Осы жылы әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар есебінен 8 мыңға жуық адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Еске салайық, "Бакытты отбасы" бағдарламасы ҚР Президентінің табысы аз  мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылар, көп балалы және толық емес отбасылар үшін тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмасын орындау аясында іске қосылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі https://astana.gov.kz/kz/news/news/21420

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети