2022 жылдан бастап жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы пәтерлерді тек елорда мен үлкен қалаларда ғана емес, басқа өңірлерде де салу жоспарланған. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздердің қолдауларыңызбен 2022 жылдан бастап еліміздің басқа да өңірлерінде жастар үшін жалдамалы тұрғын үй салу мәселесін көтеру жоспарланған", - деді Абаев Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттарға.
Ол 2019 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер 5 жылға берілетінін айтты. Жалдамалы пәтер құны 15 мың теңгеден аспайды. Берілетін үйлер - 40 шаршы метрден кем болмайды.
"Нұр-Сұлтанда өтіншітерді қабылдау бүгіннен басталады. Алматыда 200-ден аса өтініш қабылданды. Жастардың республикалық маңызы бар қалаларға жаппай көшуіне сеп болмауы үшін оған соңғы екі жылда қалада тұру шарты бекітілді", - деді министр.
Жалпы үш жылда тоғыз мың пәтер беру жоспарланған.