Соңғы кездері еліміздің жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтық деректері жиі кездеседі. Осыған байланысты "Крыша" пәтер сатып алғанда немесе жалдағанда ең көп кездесетін алаяқтық түрлерін анықтады.
Соңғы кездері еліміздің жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтық деректері жиі кездеседі. Осыған байланысты "Крыша" пәтер сатып алғанда немесе жалдағанда ең көп кездесетін алаяқтық түрлерін анықтады.
1. Пәтерді жалға алу. Жалға берушіден оның жеке куәлігі мен пәтердің құжаттарын сұраңыз. Ешқашан да келісімшартқа отырмай пәтердің ақшасын бермеңіз.
2. Ақпараттық қызмет. Әдетте жылжымайтын мүлік агенттігінің ешқандай да өзінің жеке базасы болмайды. Сізге барлығы білетін сайттарда жарияланған хабарламалардың нөмірлері жолданады. Ал шын мәнінде пәтер тауып беретін риелторлар сізден белгілі бір көлемде комиссия үшін ақша алып, пәтерлерді қараған кезде қасыңызда жүреді.
3. Пәтерді көру үшін ақша төлеу. Сіз келісімшартқа отырған жағдайда және онда осыған байланысты нақты бір сома көрсетілген болса, сіз пәтерді көру үшін төлем жасайсыз.
4. Пәтер сататын адам шетелде жүр. Мұндай кезде ешқашан құпия мәліметтерді айтпаңыз. Себебі алаяқтар оның көмегімен сіздің ақшаңызды иемденіп алады.