Пәтер сатып алу үшін қазақстандықтар 14 жыл ақша жинауы қажет

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға - 250,1 мың теңгеге дейін өскен. Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздегі жаңа пәтерлердің бағасы шаршы метріне орта есеппен алғанда 1,1 пайызға - 250,1 мың теңгеге дейін өскен. Мұндай көрсеткіш 7 қалада байқалады, ал тағы үш өңірде пәтер бағасы шаршы метріне керісінше, төмендеген, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Сарашылардың айтуынша, Петропавлда пәтер бағасы шаршы метріне қатты қымбаттаған. Онда жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі 16,6 пайызға - 185,0 мың теңгеге қымбаттап кеткен. Петропавлдан кейін Алматы қаласы тұр. Мұнда 2017 жылдың сәуір айында жаңа пәтердің шаршы метрінің бағасы 341,5 мың теңге болған. Ал 3-орында Семей қаласы тұр. Семейліктер қазіргі уақытта жаңа пәтердің шаршы метріне 154, 5 мың төлеуі керек.

Жаңа пәтерлердің бағасының өсуі, әрине, қазақстандықтардың өз жылжымайтын мүлігін сатып алуға қаражат жинауға деген мүмкіндіктеріне шектеу қояды.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген қазақстандыққа бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін (32 шаршы метр) 14 жылдан аса уақыт керек. Яғни, ол адам 14 жыл бойы жалақысының 30 пайызын пәтер алуға жинайды.

Сондай-ақ, мамандар елімізде ипотекалық несие беру нарығында 17 екінші деңгейлі банк (АТФ, RBK, Сбербанк және Цеснабанк) жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.  Жалпы, ипотекалық қарыздың максималдық мерзімі 240 ай екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro