Пәтерді қалай тез сатуға болады - Мамандар кеңесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пәтерді қалай тез сатуға болады - Мамандар кеңесі

Krisha.kz cарапшылары пәтерді тез арада сатудың жолдарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Krisha.kz cарапшылары пәтерді тез арада сатудың жолдарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар бірінші кезекте пәтердің нақты бағасын белгілеуге кеңес береді.

"Жылжымайтын мүліктің иесі міндетті түрде пәтерін нақты қанша сомаға бере алатынын білуі керек. Сондай-ақ, ол баға пәтердің өзі лайық болуы керек. Ол үшін пәтерге баға бере алатын мамандарды шақыруға немесе риелторлардың көмегіне жүгінуге болады. Себебі пәтерге баға беретіндер жылжымайтын мүлік нарығындағы барлық өзгерісті біледі, себебі олар сату-сатып алу шартын қалай жасалып жатқанын біледі. Бірақ бүл жағдайда алаяқтардан абай болған жөн. Пәтерге баға берген кезде пәтердің жағдайы, қай санаттағы үй екені, қай ауданда орналасқаны, пәтер саны мен басқа факторлар ескеріледі", - дейді мамандар.

Сондай-ақ, сарапшылар пәтерді сатылымға қою кезінде хабарламада міндетті түрде пәтердің суреттерін жариялауға кеңес береді. Айтуларынша, бұл хабарламалардың көрілімін 3-5 есе арттырады.

"Ең маңыздысы - пәтердің құжаттарын дайындау. Барлық қажетті құжатты жинап, нотариус растайтынын растап, дайындап қою керек. Әйтпесе ол сату-сатып алу шартын жасасуға кедергі келтіріп, біраз уақыт алады. Пәтер кепілде тұрса, Әділет министрлігі берген құжатты көрсету керек. Қажет болса ХҚКО-да бару керке болады. Мұның барлығына кем дегенде 5 жұмыс күні қажет", - деп ескертеді сарапшылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети