Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынды Азат Перуашев

Мәжілісмен қалаларда баспанасы жоқ қыз-жігіттерге арнап "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бір бөлмелі баспаналар тұрғызу керек деп, премьер-министрдің атына сауал жолдады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісмен қалаларда баспанасы жоқ қыз-жігіттерге арнап "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында бір бөлмелі баспаналар тұрғызу керек деп, премьер-министрдің атына сауал жолдады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Депутаттың айтуынша, жастарға арналған үйлердің асхана мен әжетханасы ортақ болуы тиіс. Сонда шаршы метрден үнемдеуге болады. Нәтижесінде баспананың құны 40 пайызға дейін төмендейді екен.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін 35 мың жалға берілетін пәтер салынады. Бірақ онда ауылдан келген жастарға үй қарастырылмаған. Ал жыл сайын арман қуып қалаға келіп жатқандар мыңдап саналады. Сондықтан баспана мәселесін шешудің қосымша жолдарын ойластыру керек дейді депутат.

"Кез келген базардың жанында, құрылыстың жанында жүздеген, мыңдаған ауылдан шыққан жігіттер антисанитарлық, өте қиын жағдайда өмір сүруде. Жатақханалар осы бағдарламада жоқ. Біз бағдарламаларға сол ауылдан келген жастарға арналған жатақханалар салуды ұсыныс жасадық", - дейді Мәжіліс депутаты Азат Перуашев. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети