02 қыркүйек 2016 | 15:57

Прокурорлар алматылықтарға үй құрылысына үлескер болғанда алданып қалмаудың жолдарын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© spectr.com.kz © spectr.com.kz

2016 жылдың 2 тамызында Алматы қаласының Медеу ауданындық әкімдігінде Медеу аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен "Үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу" туралы заңнамасына қатысты жиын өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылдың 2 тамызында Алматы қаласының Медеу ауданындық әкімдігінде Медеу аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен "Үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу" туралы заңнамасына қатысты жиын өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Құрылыс компаниялары мен жергілікті халықтың қатысуымен өткен жиын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау, құқықбұзушылыққа жол бермеуге, жаңа заңның нормаларын түсіндіруге арналған. Қатысушалар арасында жаңа заң бойынша құрылыс компанияларына қойылатын талаптар, үлескерлердің құқықтарын реттейтін нормалар және тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тарту шарттары қызу талқыланды.

Медеу ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ақан Искаков биылғы жылдың 10 қазанында күшіне енетін "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тек үш тәсіл арқылы ұйымдастырылады: Кепілдік беру қорынан кепілдік алу; Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы; Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту екендігін халыққа түсіндірді.

"Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) құрылысы үшін осы заңды көзделмеген өзге де тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады. Аудан прокуратурасымен үлестік қатысу арқылы тұрғын үй алу заңнамасын мемлекеттік органдарда және еңбек ұйымдарында өткізу жоспарда бар", - деді аға прокурор.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети