Қазақстанда 10,75 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 10,75 пайыз мөлшерлемемен ипотека беріле бастады © business-vector.info

Қазақстанда баспана алу үшін жылына 10,75 пайыз мөлшерлемемен несие беретін ипотекалық бағдарлама жүзеге асырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Баспана" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековке сілтеме жасап.

Жаңа бағдарлама "Баспана Хит" деп аталады.

"Бастапқы жарна - пәтер бағасының 20 пайызы, жылдық мөлшерлемесі - Ұлттық банктің базалық +1,75 пайыз мөлшерлемесі. Қазіргі уақытта Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 9 пайыз екенін ескертін болсақ, "Баспана Хит" бойынша ол мөлшерлеме 10,75 пайыз болады. Несие 15 жылға дейін беріледі", - деп түсіндірді Қайрат Алтынбеков.

Оның айтуынша, бағдарлама бүгіннен бастап жүзеге асырылып жатыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети