Қазақстанда ипотека алушылар көбейді - Зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ипотека алушылар көбейді - Зерттеу

Қазақстанда ипотекалық қарыздар бір жылда 30,5 пайызға жетіп, рекорд орнатып отыр, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ипотекалық қарыздар бір жылда 30,5 пайызға жетіп, рекорд орнатып отыр, - деп хабарлайды Ranking.kz сарапшылары.

Мамандардың мәліметінше, маусым айының қорытындысы бойынша ипотекалық қарыздар 4,5 пайызға өсіп, 1,49 триллион теңгеге жеткен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 1,14 триллион теңге болған.

"Қазақстанда ипотекалық несие екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: жеңілдіктер қарастырылған ипотека мен белгілі бір санаттағы қазақстандықтарға қолжетімді ипотека. Мысалы, табысы төмен, көпбалалы немесе мүгедек бала асырап отырған отбасылар. Бүгінде пайыз мөлшерлемесі ең төмен және тиімді ипотека беретін банктердің үштігіне Altyn Bank (15,4 пайыз), "Сбербанк" (15,6 пайыз) және RBK (16 пайыз)", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанда 28 екінші деңгейлі банктің 15-і ғана ипотека бере алатыны айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети