Қазақстанда жалдамалы баспанаға өтінім қабылдау күні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жалдамалы баспанаға өтінім қабылдау күні белгілі болды © Роза Есенқұлова

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры Алматыдағы "Асыл Арман" ТК өткізудің жаңа мерзімін белгіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, жалдамалы пәтер алуға өтінім қабылдайтын сайтқа бірнеше рет хакерлік шабуыл жасалып, өтінімдер жойылған болатын. Енді өтінімдер Астана уақыты бойынша 18 мамыр күні сағат 10.00-ден 2 маусым сағат 10.00-ге дейін қабылданады.

Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, пәтерлердің әр шаршы метрінің құны 1611 теңге болады. Пәтерлердің жалпы саны - 749. "Бұл кезеңде баспанасы бар-жоғына қарамастан, Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. Пәтер алуға өтінімдер веб-сайт арқылы қабылданады: www.fnsk.kz. Пәтер алғысы келетін барлық тұлғалар www.fnsk.kz сайтында тіркелуі тиіс. Оны өтінім қабылдамай тұрып жасау ұсынылады", - деп хабарлады жылжымайтын мүлік қорының баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлерді тарату мерзімі хабарланды. Сатып алу құқығымен берілетін пәтерлердің ай сайынғы төлем мөлшері әр шаршы метріне - 1 289 теңге. Жалға берілетін пәтерлерді алу өтінімдері қордың сайты арқылы 13 мамырдан 28-іне дейін қабылданады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жалдамалы баспана алуға өтінім қабылдайтын жүйенің істен шығып, өтінімдердің жойылғаны хабарланған болатын. Бұл сатып алушылардың наразылығын туғызды. Кейін баспасөз қызметіндегілер хакерлік шабуылдың жасалғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети