Қазақстанда жаңа пәтерлердің орташа бағасы өсті

© Tengrinews.kz

?аза?станда жа?а п?терлерді? ба?асы 13,9 пайыз?а дейін ?скен. М?ндай пікірді Energyprom.kz сарапшылары айтып отыр.

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы 13,9 пайызға дейін өскен. Мұндай пікірді Energyprom.kz сарапшылары айтып отыр.

Сарапшылардың айтуынша, нарықта пәтерлердің бағасы шілде айында шаршы метрі үшін 252,7 мың теңгеге дейін көтерілген. Олар ең жоғары бағаның Астанада тіркелгенін айтты, яғни бір жыл ішінде Астанада пәтердің шаршы метрі 342,8 мың теңгеге дейін көтерілген.

Реклама
Реклама

Ал жалдамалы пәтерлердің бағасына келетін болсақ, елімізде шілде айының қорытындысы бойынша жалдамалы пәтердің шаршы метрі 1 272 теңгені құраған. "Елордада пәтер жалдау қымбатқа соғады. Онда пәтердің шаршы метрі 2 387 теңге болса, Алматы қаласында жалдамалы пәтердің шаршы метрі 2 281 теңгені құрайды", - деді сарапшылар.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда мемлекеттік бағдарламалар арқылы қалай пәтер алуға болатыны айтылған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама