05 қыркүйек 2016 13:53

Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама арқылы қалай пәтер алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері пәтер мәселесін шешетін тұрғын үй құрылысының сегіз бағытын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері пәтер мәселесін шешетін тұрғын үй құрылысының сегіз бағытын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Cондай-ақ, министрліктің өкілдері пәтер мәселесін шешуге қандай бағдарламалар мен тетіктер көмек бере алатынын түсіндірді.

Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін салынатын жалға берілетін тұрғын.

Тұрғын үйді бөлуді кезек тәртібінде жергілікті атқарушы органдардың жанындағы тұрғын үй комиссиялары жүзеге асырады. 2016 жылы 754 пәтер салу жоспарланды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар мен "Бәйтерек девелопмент" АҚ-тың кредиттік тұрғын үйі

Кредиттік тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары мен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандардың арасында бөлінеді.  Республикалық бюджеттен қаржыландыру кезінде құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгені, қалған өңірлерде – 110 мың теңгені құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар облигациялар шығару есебінен қаржыландыру кезінде бір шаршы метрдің құрылысының құны Астана және Алматы қалаларында 180 мың теңгені, өңірлерде - 140 мың теңгені құрайды.

ТҮҚЖ жүйесі арқылы іске асыру үшін "Бәйтерек девелопмент" АҚ кредиттік тұрғын үйі

Кредиттік тұрғын үй ҚТҮҚЖБ салымшылар арасында бөлінеді. "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы құрылыстың бір шаршы метрінің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгені, өңірлерде - 180 мың теңгені құрайды.

ҚТҮҚЖБ арқылы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй ҚТҚЖБ салымшылары санынан, екі жылдан кем емес некеде тұрған және  жұбайлардың екеуінің жасы 29-ға толмаған жас отбасыларына бөлінеді. Құрылыс жергілікті атқарушы органдарымен жүргізіледі. Осы бағыт бойынша ағымдағы жылы шамамен 400 пәтер пайдалануға енгізілетін болады. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 142,5 мың теңгені, басқа өңірлерде - 110 мың теңгені құрайды.

"Қазақстан Ипотекалық компаниясы" АҚ-тың жалға берілетін тұрғын үйі

Тұрғын үйдің 50 пайызы 35 жасқа толмаған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін салынады, қалған пайызы басқа кезектегілер арасына бөлінеді. Бір шаршы метрдің құны Астана және Алматы қалаларында 200 мың теңгені, өңірлерде - 180 мың теңгені құрайды.

"Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-тың коммерциялық тұрғын үйі

Тұрғын үй шектеусіз халықтың кез келген санатына жүзеге асырылады. 2016 жылы осы бағыт бойынша Ұлттық қордан 97 млрд. теңге бөлінді. Шамамен 11 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Бір шаршы метрдің сату құны Астана мен Алматы қалаларында  288 мың теңгені, өңірлерде - 240 мың теңгені құрайтын болады.

"Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға кейін сатып алумен жалға немесе тікелей сатыпа алу жолымен ұсынылады.

"Бәйтерек Девелопмент" АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй

Тұрғын үй заңнамасымен айқындалған кезектілік тәртібінде сатып алу немесе сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдары арқылы кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети