Қазақстандықтардың қандай пәтерді жиі іздейтіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың қандай пәтерді жиі іздейтіні анықталды © eldeco.ru

Қазақстандықтар бір бөлмелі пәтерді басқаларына қарағанда жиі іздейді, - деп хабарлайды "Крыша". Басылымның мәліметінше, Интернетте айына бір бөлмелі пәтер туралы сұраныс екі миллионнан асқан.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар бір бөлмелі пәтерді басқаларына қарағанда жиі іздейді, - деп хабарлайды "Крыша". Басылымның мәліметінше, Интернетте айына бір бөлмелі пәтер туралы сұраныс екі миллионнан асқан.  

Олардан кейін екі бөлмелі пәтерлерге деген сұраныс көп - мұндай сұраныстардың үлесі 15 пайызға кем. Ал үш бөлмелі баспанаға деген сұраныс бір бөлмелісіне қарағанда екі есе аз екен - бір миллионнан астам. Өз кезегінде 4 немесе 5 бөлмелі баспананың үлесі 10-15 есеге дейін азайған. "Бес бөлмелі пәтерлерді сату бойынша хабарламалар аз кездеседі. Баспана қаншалықты үлкен болса, оны сату соншалықты қиынға соғады", - дейді сарапшылар.

Сонымен қатар, "Крыша" сайтында 70 мың хабарландыру бар, олардың шамамен 43 мыңы немесе 61 пайызы бір немесе екі бөлмелі пәтерлер, 29 пайызы - үш бөлмелілері.

Еске салайық, Алматыда доллар шарықтағаннан кейін студия-пәтерлерге деген сұраныстың артқаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети