ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Іскерлік кеңесі АӨК субъектілеріне салық салу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Іскерлік кеңесі АӨК субъектілеріне салық салу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Асылжан Мамытбековтің қатысуымен өткен отырыста агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субьектілеріне салық салуды жетілдіру мәселесі ұсынылды.
Министр, аумаққа байланысты шаруа қожалықтары үшін бірыңғай жер салығын сақтауды көздейтін учаскенің максималды мөлшеріне нормантивті енгізу, жер салығын салуды жетілдіру және заңды тұлғалар үшін арнайы салық тәртібін сақтау керектігін атап өтті.
Сонымен қоса, қазіргі қолданыстағы заң бойынша салық салмағын сақтау үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен шаруа қожалықтарын жеке табыс салығын төлеуден босату ұсынылды.
Министрліктің Жауапты хатшысы А.Евниевтің сөзіне қарағанда, қосымша жеңілдіктері бар жалпы бекітілген тәртіп енгізу қарастырылып жатса керек. Жалданған жұмысшылар бойынша еңбекақы төлемі қорының сомасына салық салу кірісін екі есе азайту, әлеуметтік салықты 11 пайыздан 6,5 пайызға төмендету, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын көліктер мен мүліктерді салықтан босату қарастырылып отыр.
Айта кететіні, бұдан кейін бос жатқан жерлердің салығы 10-15 есеге артады. "Қазақстан фермерлер одағы" қоғамдық бірлестігінің президенті Әуезхан Дариновтың айтуына қарағанда, алдағы уақытта бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің салығын 10-15 есеге көтеру көзделген. Қазір бірізге түскен жер салығы қолданылуда. Мысалы, ауылдағы бір гектар жердің салығы 15 мың теңге болса ол 30 мың теңгеге өсуі мүмкін.