03 қазан 2019 | 17:56

Таразда 400-ге жуық тұрғын баспаналы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша 400-ге жуық тұрғын басыбайлы баспанасына қол жеткізіп үлгерген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Таразда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша 400-ге жуық тұрғын басыбайлы баспанасына қол жеткізіп үлгерген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Пәтерлер 15-мөлтек ауданда жəне "Арай-2" алқабында әлі де сатылып жатыр. Тараз қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Диля Сөкжанова "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен бес әлеуметтік бастаманың орындалуы бойынша облыстық тәжірибелік конференцияда мәлімдеді.

Сондай-ақ сала маманы "Бақытты отбасы" кешенді бағдарламасы жасақталып, 300 азаматтың құжаты мақұлданғанын хабарлады.

Әлеуметтік бастаманың елімізде іске асырылу барысына жүргізілген мониторингте Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі салымшысы мен "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы арқылы алатын қызмет алушылардың құқықтары бірдей сақталмайтындығы анықталды.

Айта кетейік, "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Бес әлеуметтік бастама бойынша "Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингі" тақырыбымен мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Іс-шара осы аталған грант аясында өткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети