Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Теңге әлсірегеннен кейін тамыз айында баспана арзандай ма?

30 Шілде 2016, 12:12
0

Сарапшылар ұлттық валюта әлсірегеннен кейін қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Homsters.kz қазақстандық өкілдігінің жетекшісі Олеся Мельникованың айтуынша, шілдеде жаңа емес баспаналар нарығы тұрақсыз болды. "Айдың басында шағын пәтерлердің қымбаттауы байқалды. Алғашқы екі аптада жаңа емес баспаналар нарығында 1 және 2 бөлмелі пәтерлер 3-4 пайызға қымбаттап, үш бөлмелі пәтерлердің саудасы тоқтап қалды, ал төрт бөлмелі пәтерлердің құны түсе бастады", - дейді сарапшы. Айтуынша, бұл тенденция ұзаққа созылмады. Оның мәліметінше, үшінші аптадан бастап баға айдың басындағы деңгейге қайта түсті, алайда теңге бағамының динамикасының әсерінен қайта жоғарылай бастады. 

Мельникованың айтуынша, 1 немесе 2 бөлмелі пәтерлердің қымбаттауы дағдарыстан кейінгі нарыққа тән құбылыс. Бұл кезде сатып алушылар өзінің қаржы әлеуетін дұрыс бағамдап, қалтасы көтеретін баспананы таңдайды. Бұл бірінші кезекте банк ипотекаларының қолжетімсіз екендігімен түсіндіріледі. Ал бұған дейін жетпей жатқан қаражатты банк арқылы төлеуге мүмкіндік болған.

"Жалпы алғанда бір айда Алматы мен Астанадағы жаңа емес үйлер нарығында орташа баға шамамен 1,5-2 пайызға өскен. Бұған негізгі себеп - теңге бағамының ай соңына таман долларға қатынасында 346-350 теңгеге әлсіреуі. Біздің пікірімізше, жаңа емес үйлер нарығындағы баға мен бағамның өзгеруі сатушылардың басым бөлігінің өз нысандарына бұрынғыдай шартты түрде баға белгілеп алғанын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр", - деп атап өтті маман. 

Тамыз айына болжам жасаған ол жаңа емес баспаналардың бағасының теңге бағамының динамикасына байланысты болатынын айтты. Теңге бағамының тұрақтылығы сақталған жағдайда баға төмендетілме трендке оралып, бір айда 1 пайызға дейін жоғалтуы мүмкін. Алайда, оның пікірінше, ұлттық валюта құлдыраған жағдайда жаңа емес баспана иелерінің шаршы метр бағасын тепе-тең көтереді де, баға қайтадан жоғарылайды. 

Бірақ ол теңге бағамының динамикасы мен жаңа емес баспаналар нарығындағы бағаның жаңа үйлердің нарығына айтарлықтай әсерін тигізбейді деген сенімде. "Сөзсіз, бұл болжам теңге бағамының айтарлықтай өзгеріске түсуіне қатысты емес. Девелоперлер әлі де нарықтың күзде белсенді болады деп күтіп отыр, ал әзірше сатып алушыларға жеңілдіктер мен акцияларын ұсынып, белсенді түрде сауда жүргізіп жатыр", - деді Мельникова. 

Ал Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов тамыздан бастап қарашаға дейін жылжымайтын мүлік бағасының төмендейтініне сенімді. "Қазір құнның теңгемен тіркелуі тиіс екені туралы нақты түсінік ба. Бүгінде теңгенің құны түсіп жатыр, соған қарағанда күзде баға 10-15 пайызға түседі, ал кейбір нысандар тіпті 20 пайызға дейін түседі", - деді маман. Оның айтуынша, төлеу қабілетінің сұранысының нольдік деңгейде екен. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай