07 қараша 2019 14:14

Тоғыз айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 3,4 миллиард долларға жеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazakh-tv.kz © kazakh-tv.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Франция-Қазақстан" Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Франция-Қазақстан" Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Жерер Фриестің жетекшілігімен палата өкілдерін қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміздің арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамуда. Француз компаниялары энергетика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және Қазақстан экономикасының басқа да секторларында кеңінен тартылған", - деді Мамин.

Биыл 9 айда Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 6 пайыздан астамға 3,4 миллиард долларға дейін өсті. ҚР экономикасына тікелей француз инвестицияларының ағымы осы жылдың бірінші жартысында 24 пайызға 537 миллион долларға дейін артты. 

Қазақстанда түрлі салаларда француз капиталының қатысуымен 230-ға жуық кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде Total, Orano, Alstrom және басқалары тәрізді ірі трансұлттық корпорациялар бар. Тәуелсіздік жылдары Франция компаниялары Қазақстанға 16,4 миллиардтан аса инвестиция салды. 

Үкімет басшысы мен француз компаниясының өкілдері екі елдің бизнес құрылымдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанда бірлескен жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. 

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, қаржы вице-министрі Р. Бекетаев қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети