12 қаңтар 2018 | 10:12

ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?". Оқырмандарымыздан түсіп жатқан көптеген сұрақтың легі осындай. Осы сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметінен сұрап білді. 


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болады?". Оқырмандарымыздан түсіп жатқан көптеген сұрақтың легі осындай. Осы сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі ТҮҚЖБ баспасөз қызметінен сұрап білді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қайталама нарықтан үй аламын деген адам екі жолдың біреуін таңдай алады.

Біріншісі - тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, ақша жинау арқылы үй алу.

Жинақ мерзімі (кем дегенде 3 жыл болуы керек) мен ай сайынғы салып отыратын қаражат көлемін клиент мүмкіндігіне қарап, өзі белгілейді. Жинақ мерзімі біткен кезде клиенттің шотындағы сома үй құнының кем дегенде 50 пайызын құрауы тиіс. Қажет сома көлемін жинап, кемі үш жыл ай сайын ақша салып отырған салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен (3,5 пайыз - 5 пайыз аралығында) тұрғын үй заемын ала алады.

Екіншісі - салымшыда ақша жинау мүмкіндігі болмаса, бірақ қолында үй құнының кем дегенде 50 пайызына тең сома көлеміндегі ақшасы болса, банк аралық тұрғын үй заемын ұсынады.

Бұл жағдайда салымшының ақшасы депозитке аударылады, ал банк оған қажет сома көлемінде (100 пайыз) заем береді. Бұл заем бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7,5-8,5 пайыз аралығында болады. Ал клиенттің ақшасы үш жыл бойы депозитте жатады, банктің екі пайыздық сыйақысы мен 20 пайыздық мемлекет сыйлықақысы (200 АЕК-тен аспайтын сома бойынша есептеледі) оның үстінен қосылып отырады. Үш жылдан кейін депозиттегі сома негізгі қарызды жабуға жұмсалады, қалған ақша бойынша несиенің пайыздық мөлшерлемесі 3,5-5 паыйзға дейін төмендетіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети