14 қаңтар 2018 | 13:25

ТҮҚЖБ мамандары нарықта сұранысы жоғары баспаналар жайында айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© egov.kz © egov.kz

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары қазақстандық нарықта қандай үйлердің сұранысы жоғары екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандары қазақстандық нарықта қандай үйлердің сұранысы жоғары екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТҮҚЖБ баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, өткен жылы жаңа үйлер мен қайталама нарықтағы баспанаға деген сұраныс екі түрлі бағытта өрбген. 2017 жылы жаңа пәтерлердің бағасы өзгере қойған жоқ, үй құнының арзандауы немесе қымбаттауы да аса байқалмаған.

"Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы төмендеп келеді. Бұған себеп болған жайттардың қатарында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі оператор болып отырған "Нұрлы жер" бағдарламасының іске қосылуы, қайталама нарықтағы пәтерлердің жыл өткен сайын ескіруі, ал сатушылардың бағаны түсірмеуі бар. Осы себепті халық көбінесе жаңа үй сатып алуға тырысады", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, банктің ұзақ уақыт бойы салған үйін өткізе алмаған құрылыс компанияларының пәтерлерін үлкен жеңілдікпен клиенттеріне ұсынатынын да айта кету керек. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл жағдайда екі тарап та ұтылмайды: банк салымшылары тиімді бағамен жаңа үйдің иесі атанады, ал құрылыс компаниясы пәтерлерін сатып жіберу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қоса, ТҮҚЖБ баспасөз қызметі соңғы 5 жыл ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заем алған адамдардың саны бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынды. Ол мәліметтерге сәйкес, банк 2013 жылы 11 418 адамға заем берсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 13 мыңнан асқан. Ал 2015 жылы - 18 762, 2016 жылы - 15 852 және 2017 жылдың 9 айының ішінде 19 546 адамға заем берілген. Демек, банктен заем алушылардың саны жыл өткен сайын өсіп келеді.

Ал сол заем алушылардың жас ерекшеліктеріне қатысты қойылған сұраққа мамандар былай жауап берді: 2017 жылдың басынан бастап қыркүйек айының соңына дейінгі статистикаға сәйкес, банктен заем рәсімдейтін клиенттер арасында 30 бен 40 аралығындағы адамдардың саны ең жоғары болып тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан қалай баспана алуға болатыны айтылған еді.  Ол кезде банк мамандары ТҮҚЖБ арқылы қайталама нарықтан үй аламын деген адамның екі жолдың біреуін таңдай алатынын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети