Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Биылғы жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" тұтынушыларына 55 млрд теңге несие беруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл жөнінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде "Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті. Басқарма төрағасының мәліметі бойынша, 2014 жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 2014 жылы салымшыларының қатарын экономикалық белсенді тұрғындар үлесінің 5 пайызына жеткізіп, 110 мың жаңа келісімшарт жасауды жоспарлап отыр. Осылайша аталмыш банк биыл тұрғындарға 55 млрд теңге несие бермек. "Мемлекеттік бағдарлама бойынша банк 2020 жылға дейін 4,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде 1,5 млн шаршы метрі жас отбасыларға беріледі" дейді Қуандық Бишімбаев. Бұған қоса "Қазақстан ипотекалық компаниясы" 2014 жылы 171 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын да айта кету керек. Қазақстан ипотекалық компаниясы жалға беру бағдарламасы аясында 2014 жылы 171 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бермек. Оның 155 мың шаршы метрі "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында тапсырылады.
Биылғы жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" тұтынушыларына 55 млрд теңге несие беруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл жөнінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде "Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
Басқарма төрағасының мәліметі бойынша, 2014 жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 2014 жылы салымшыларының қатарын экономикалық белсенді тұрғындар үлесінің 5 пайызына жеткізіп, 110 мың жаңа келісімшарт жасауды жоспарлап отыр. Осылайша аталмыш банк биыл тұрғындарға 55 млрд теңге несие бермек.
"Мемлекеттік бағдарлама бойынша банк 2020 жылға дейін 4,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде 1,5 млн шаршы метрі жас отбасыларға беріледі" дейді Қуандық Бишімбаев.
Бұған қоса "Қазақстан ипотекалық компаниясы" 2014 жылы 171 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын да айта кету керек.
Қазақстан ипотекалық компаниясы жалға беру бағдарламасы аясында 2014 жылы 171 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бермек. Оның 155 мың шаршы метрі "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында тапсырылады.