Түркияда жылжымайтын мүлкі бар адамдар сол елдің азаматтығын алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жылжымайтын мүлкі бар адамдар сол елдің азаматтығын алады © REUTERS

Түркияда жылжымайтын мүлкі бар шетелдіктер түрік азаматтығын ала алады, - деп хабарлайды жергілікті TRT басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда жылжымайтын мүлкі бар шетелдіктер түрік азаматтығын ала алады, - деп хабарлайды жергілікті TRT басылымы.

Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчидің мәлімдеуінше, қазіргі таңда осы қаулының жобасын жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. "Қолында біздің туымыз бейнеленген меншік құқығының куәлігі бар адамдардың әрқайсы - біздің азамат. Біз осы мәселеге қатысты салмақты жұмыстарды қолға алдық. Әзірше оның барлық тетігі анықталған жоқ, бірақ біз осы жерде жылжымайтын мүлкі бар адамдарға азаматтық береміз", - деді ол.

Зейбекчидің мәлімдеуінше, министрлер кеңесі бұл жөнінде хабардар, алайда қаулыны заңды күшіне енгізу үшін уақыт қажет. Экономика министрі шетелдіктерге баспана сатуды экспорттың бір түрі екенін айтты.

Айта кетейік, жаңа қаулы шетелдіктерге баспана сататын құрылыс фирмалары мен шетел азаматтары демалатын қонақүйлерге қатысты болады. Зейбекчидің айтуынша, осы салада қызмет етуші компаниялар мен елді валюта түсімімен қамтамасыз етушілер бұл құжаттың шеңберінде экспорттаушы фирмалар ретінде мамандандырылады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың баспананы жиі сатып алатын елдерінің тізімі жасалды. Ол елдердің қатарында Болгария, Түркия, Латвия, Ұлыбритания, БАӘ мен Испания бар. Бұл тізімдегі алғашқы үш орында тұрған елдерде жылжымайтын мүліктің орташа құны шамамен 45-80 мың евро.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети