19 сәуір 2022 | 12:14

Тыныштықты бұзу, су басу. Көршілер мазаласа, не істеу керек?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Пәтерді жөндеу, көңілді отырыстар, қатты музыка, беймаза үй жануарлары - осының барлығы Әкімшілік кодекстің бабының бұзылу себебі бола алады. Тұрғын үйде тыныштық бұзылса, не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.


Иконка комментария блок соц сети

Пәтерді жөндеу, көңілді отырыстар, қатты музыка, беймаза үй жануарлары - осының барлығы Әкімшілік кодекстің бабының бұзылу себебі бола алады. Тұрғын үйде тыныштық бұзылса, не істеу керек? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Көршілер түнде шуласа не істеу керек?

Кез келген тыныштық бұзу заңға қайшы, бірақ, үнемі емес, тек түнгі 22.00-ден таңғы 09.00-ге дейін. Егер көршілер маза бермей, тыныштық бұзса, не істеу керек? Ең алдымен, өзіңіздің наразы екеніңізді ауызша жеткізіңіз. Егер ауызша өтініштен кейін шу басылмаса, құқықтық тәртіп қызметінің көмегіне жүгіне аласыз.

ҚР Әкімшілік кодексінің "Тыныштықты бұзу" 437-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22.00-ден таңғы 09.00-ге дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы 09.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуы - жеке тұлғаларға - 5, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет жеке тұлғаларға - 10, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салады.

Сіз 102 немесе 112 нөмірі бойынша қоңырау шалып, инспекторды шақыра аласыз. Инспектор әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді ҚР ӘҚБК (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс) 685-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға және ҚР ішкі істер органдары атынан әкімшілік жаза қолдануға құқылы. 

Көршілер пәтерін "жалға берсе" не істеу керек?

Заң бойынша кез келген пәтер иесі өз мүлкін жалға беруге құқылы. Заңнама бұл жағдайда пәтер иесінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелуін және салықты төлеуін талап етеді.

Егер көршілер пәтерді заңсыз жалға берсе, онда бұл жағдай туралы сіз салық инспекциясына хабарлай аласыз. ҚР Әкімшілік кодексінің 275-бабына сәйкес "Салық салу объектiлерiн жасыру":

  1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы - жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының 200 пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) - жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының 300 пайыз мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Егер пәтерді жалға алушылар үйде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзса, онда бұл жағдайда зардап шеккен тарап полицияға өтінішпен жүгіне алады.

Көрші пәтерге жанама құрылыс немесе жеке бизнес жасаса не істеу керек?

Егер сіздің көршіңіз өзінің пәтерінде жанама құрылыс жасаса немесе жеке бизнесті ашуды шешсе, онда ол "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңы негізінде мынадай талаптарды сақтау керек:

  1. Тұрғын емес ғимараттар тұрғын бөлмелерден оқшаулануы және ортақ есікке (шығуға) ие болмауы тиіс.
  2. Тұрғын үйді пайдалану оны бұзуға немесе бүлдіруге әкелмеуі, басқа тұрғындардың тұру шарттарын бұзбауы, қоршаған ортаға шығын тигізбеуі тиіс.
  3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келiсiмiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Тұрғын емес үй-жайлар тұрғын үй-жайлардан оқшау болуға тиіс және ортақ кіру (шығу) есігі болмауға тиіс. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi.
  4. Үй-жайларды (пәтерлерді) өзгерткен (қайта жабдықтаған, қайта жоспарлаған) кезде тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі, мынадай: өзгерістер салмақ түсетін конструкцияларды қозғайды және өзгерістер жалпы мүлікті қамтиды.

Бұл өзгерістер өзгертілетін үй-жайлармен (үй бөліктерімен) жапсарлас басқа да үй-жайлар (үй бөліктері) меншік иелерінің ғана мүдделерін қозғаған жағдайда, тек аталған адамдардың ғана жазбаша келісімін алу талап етіледі. Көршіге заңды ықпал ету үшін сіз Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және аудандық прокуратура басқармасына жүгіне аласыз.

"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" ҚР Заңының 25-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу), қалпына келтіру және күрделі жөндеу туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, қалалық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау әкімдіктің құзыретіне жатады.

Көршілер пәтерді су астында қалдырса не істеу керек?

Сары дақ, төбеден түскен сылақ, жарамсыз жағдайға келген түсқағаздармен бетпе-бет келетін тұрғындар көр. Тұрғын иелерінің алдында бұл жағдайда даулы мәселе туындайды. Неге десеңіз, жоспарда болмаған жөндеу жұмысы үшін өтемақы төлету процесін бастау қажет болады. 

Іс жүзінде көршілерге мәселені бейбіт түрде шешу қиынға түседі және даудың нүктесін сот қояды.

Келтірілген зақымдарды құжат жүзінде бекіту қажет, яғни сіз бағалау компаниясының қызметкерін шақыра аласыз, ол су басу туралы актіні құрайды. Бұл құжатпен сіз сотқа жүгіне аласыз.

ҚР Азаматтық кодексінің 917-бабы 1-тармағына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс. Дегенмен, егер көрші тигізілген зиян оның кінәсы бойынша жасалмағанын дәлелдесе, онда ол оны өтеуден босатылады. 

Деректер egov.kz платформасынан алынды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети