06 желтоқсан 2019 | 15:56

Үкіметте зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға жұмсау талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қорғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауында Үкіметке жұмыс істейтін азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырған болатын. 

Отырыс кезінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің тиімділігін бағалауды және халықаралық тәжірибе талдамын ұсынды. 

Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалану, Бірыңғай әлеуметтік қор құру, бірыңғай әлеуметтік төлем енгізу және басқа да мәселелер талқыланды. 

Отырыста аталған мәселелер бойынша сындарлы талқылау жасалып, пікір алмасылды, тиісті ұсыныстар білдірілді. Биылғы жылдың соңына дейін жұмыс тобы ұзақмерзімді актуарлық модельдер негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейтін болады. 

Отырысқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Тамара Дүйсенова, "Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы" ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, "First Heartland Jysan Bank" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Жәмішев, "Атамекен" ҰКП атқарушы хатшысы Алёна Романова, "Стратегиялық бастамалар орталығы" ЖШС аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети