25 желтоқсан 2018 | 16:13

Ұлттық банк Қазақстанда валюталық ипотеканы қайта қаржыландыру мерзімін ұзартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін (2019 жыл 15 шілдеге дейін) ұзартуды көздейтін өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімін (2019 жыл 15 шілдеге дейін) ұзартуды көздейтін өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтуынша бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылғы наурыздан бастап Бағдарлама шеңберінде банктердің жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарды Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгемен қайта қаржыландыруды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті.

"Бүгінгі күні банктер 40,1 миллиард теңге сомаға 5 131 өтінімді қайта қаржыландыруға мақұлдады, 27,7 миллиард теңге сомаға 3 845 қарыз қайта қаржыландырылды. Валюталық ипотекалық қарыз алушыларды бағдарламамен барынша қамту мақсатында валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды", - деді Ұлттық банк басшысы.

"Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып қарыз алушылар кредитор банкке 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде қайта қаржыландыруға өтініш беруі қажет", - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық банктің қаражатынан банктерге қайтарымды негізде 156 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.

"Мемлекеттік жеке әріптестік шеңберінде банктер қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) бойынша 136 млрд теңгеден астам сомаға берешегін кешіретін болады", - деді Данияр Ақышев

Данияр Ақышев Қайта қаржыландыру бағдарламасын Ұлттық банктің 2015 жылдан бастап іске асырып жатқанын еске салды. Бағдарламаның бірінші бөлігін іске асыру шеңберінде Ұлттық банк банктердің 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде берген және жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 миллиард теңге бөлді.

"2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктер Бағдарламаның бірінші бөлігі бойынша 158,3 миллиард теңге сомаға 25 556 өтінімді мақұлдады, 137,7 миллиард теңге сомаға 23 673 қарызды қайта қаржыландырды. Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, қайта қаржыландырылған қарыздардың саны 2026 жылға дейін шамамен 40 мыңдай болады деп болжанады. Бұл бағдарламаның алдында тұрған міндеттер бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты орындалды", - деді ҚҰБ басшысы. 

Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің мүлкі қазіргі уақытта банктердің балансында тұрған ипотекалық қарыз алушыларды қолдаудың соңғы сатысына кіріскенін атап өтті.

"Банктерге Бағдарлама шеңберінде қарыз алушының ипотекалық қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктердің меншігіне өткен тұрғын үйді жалға беру құқығы заңнамалық тұрғыдан берілді. Таяу уақытта Ұлттық банкте мүдделі мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, екінші деңгейдегі банктердің өкілдерінің және қоғамдық бірлестіктер басшыларының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтеді, онда тұрғын үйді жалға беру талаптары талқыланып, әзірленеді. Жұмыс тобы бұл талаптарды әзірлегеннен кейін Бағдарламаға тиісті толықтырулар енгізіледі. Бұдан әрі Ұлттық банк халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы ұйымдары көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады", - деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети