17 ақпан 2014 | 22:17

Үй сатып алуға асықпаңыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

"Баспана алуды 3-6 айға дейін шегере тұрған дұрыс", - деп жазады "КазРиэлтНедвижимость". Сарапшылардың болжамы бойынша, осы аралықта жылжымайтын мүлік бағасы 5-10 пайызға арзандауы мүмкін. Олар "Қазақстанда жылжымайтын мүлікке сұраныс төмендейді" деп санайды. Дәл осы үдеріс баспана бағасының арзандауына әкеп соқса керек. Жылжымайтын мүлік порталының сарапшылары, "еліміздегі тұрғын үй сауда-саттығы доллар бағамымен өлшенеді. Ал халықтың басым бөлігі қорларын теңгемен сақтаған. Теңге 20 пайызға құнсызданып, нәтижесінде еліміздегі сауда-саттық көлемі азайды", - деп хабарлайды. Әрине, депозиттерін доллармен сақтағандар ұтты. Олардың тарапынан жылжымайтын мүлікке сұраныс артуы әбден мүмкін. Алайда ол ауыз толтырып айтарлықтай көп болмайтынын ескерген жөн. "Осындай жағдайлардың барлығын ескере отырып, баспана сатып алуда асықпаған дұрыс. Жылжымайтын мүлік нарығындағы өлі кезең, сөз жоқ, бағаны төмендетуге айрықша ықпал етпек. Алайда теңге девальвациясына сәйкес баға 20 пайызға ғана түсуі мүмкін", - деп атап өтті "КазРиэлтНедвижимость".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети