06 наурыз 2022 | 19:00

100 пайызға жасалған еңбек таланттан артық - "5:32" режиссері

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Сержан Братан" және "5:32" сияқты танымал сериалдар арқылы белгілі қазақстандық кинорежиссер, сценарист, продюсер Әлішер Өте. Ол сұхбат барысында балалық шағы, ұлын тәрбиелеудегі ұстанымдары және жұбайымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Сонымен қатар, ұрпақтар арасындағы дүниетаным ерекшеліктері мен отбасындағы ер адамның ролі туралы сөз қозғады.


Иконка комментария блок соц сети

ER-BATYR жобасының жаңа қонағы - "Сержан Братан" және "5:32" сияқты танымал сериалдар арқылы белгілі қазақстандық кинорежиссер, сценарист, продюсер Әлішер Өте. Ол сұхбат барысында балалық шағы, ұлын тәрбиелеудегі ұстанымдары және жұбайымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты. Сонымен қатар, ұрпақтар арасындағы дүниетаным ерекшеліктері мен отбасындағы ер адамның ролі туралы сөз қозғады.

Жобаның жаңа шығарылымын ER-BATYR YouTube арнасынан тамашалаңыздар. Жоба серіктесі - Tele2 ұялы байланыс операторы.

Әлішер ең алдымен баланы емес, өзіңді тәрбиелеу керек деп санайды.

"Бала ата-анасының мінез-құлқын толығымен қайталайды. Ұлым да маған қарап, мен не істесем соны қайталайды. Сондықтан өзіңізге, баланың көзінше не істеп жатқаныңызға, қандай үлгі көрсететініңізге өте мұқият болуыңыз керек", - деді режиссер.

Оның айтуынша, әкесіз өскеніне қарамастан, ешқашан бірдеңеден айырылып қалғандай сезім, көңіл бөлінбеген кез болмаған.

"Мен тіпті әкесі болу немесе әкесіз өсу не екенін білмедім. Атам жауапкершілікті өз мойнына алды, сондықтан бұл маған әсер етпеді. Ештеңеден құр қалмадым. 90-жылдары тұрақты ештеңе болмады, қаржылық жағынан да солай болды. Егер маған ойыншық сатып алып бере алмаса, атам өзі жасап беретін. Мәселе ақшада емес, көңілде. Атам бойыма адамгершілік пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді сіңіріп, адам ретінде қалыптасуыма көп үлес қосты", - деді ол.

Сұхбатта қозғалған тағы бір тақырып - ұрпақтар тәрбиесіндегі айырмашылық туралы мәселе. Режиссердің айтуынша, әр ұрпақ үшін алғашқы бастама әртүрлі болады.

"Мысалы, балаларымызды екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей тәрбиелей алмаймыз. Ол уақыт өтті. Ата-анамыз - КСРО заманының адамдары, сәйкесінше, олардың өздеріне тән бағыты, түсінігі болды. Сондықтан көп жағдайда бұрын болған тәрбие құралдарын қолдамаймын. Алайда кейбір рухани қағидалар қашан да сол күйінде қалады", - деп түсіндірді жоба қонағы.

Ол отбасындағы ер адамның ролі туралы сөз қозғап, ер адам өз отбасында қашан да басты адам болуы керегін айтты. Бірақ жауапкершілік танытып, саналы болуы қажет. Олай болмаған жағдайда, жауапсыз ер адам ядролық қаруға ұқсайды, тек зиянын тигізеді.

"Ер адам отбасындағы бірінші нөмір өзі екенін түсінуі керек. Бұл жай ғана диванда жатқан ер адам отағасы дегенді білдірмейді. Жоқ! Ер адам бәрін жауапкершілікпен саналы түрде істесе, әйел әрқашан соңынан ереді", - деді ол.

Режиссер жұбайы туралы да айтты. Ол жарының бойында адамгершілік пен қарапайымдылық секілді қасиеттерін ерекше атап өтті.

"Жұбайым кем-кетігімді толтырады. Қазіргі заманға сай айтсақ, күнделікті тіршіліктен мені босатқан. Менің ойымша, бұл өте маңызды! Көпшілігі үй шаруасы, күйбең тіршілік және бала тәрбиесімен айналысу деген дүниелерді бағаламайды. Аналарға ескерткіш қою керек деп ойлаймын. Әйеліме миымды ашытпай, үйде тыныш жұмыс істеп, шығармашылықпен айналысу үшін барлық жағдай жасайтынына ризамын. Күйбең тіршілік секілді көрінетін сәттерді бағалауымыз керек", - деді ол.

Режиссер ұзақ жылдан бері джиу-джитсумен айналысады. Оның ойынша, спорт - ер мінезділік пен батылдық сияқты қасиеттерді дамытудың тамаша тәсілі.

"Ер адам спортпен шұғылдануы керек. Ең алдымен ол ер адамның бойындағы қасиеттерді "көміп тастамай", дамыту үшін қажет. Ер адам өмірінің соңына дейін ер адам болып қалуы керек", - дейді ол.

Әлішер Өте hard working, яғни жұмысқа ерекше ден қою деген бағытты ұстанады. Оның айтуынша, талант бастапқыда алға жетелейді. Бірақ еңбек әрқашан талантты басып кетеді.

"Сценарийлерге 10 мың сағаттан аса уақыт жұмсадым. 10 мың сағат сені өз ісінің шебері етеді деген қағидаға сенемін", - деп түйіндеді режиссер.

Жобаның Instagram-дағы ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети