Британ режиссері Стив Маккуиннің "12 жыл құлдықта" киносы BAFTA (Британиялық кино және телеөнер академиясы) аталымында ең үздік фильм болып танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарттық агенттігіне сілтеме жасап. Киножүлдені табыстау рәсімі ақпанның 16-ы күні "Ковент Гарден" атындағы королдік опера және балет театрында өтті. "12 жыл құлдықта" фильмінде қара нәсілді бір жігіттің 1830-шы жылдары АҚШ-тың оңтүстік штаттарының біріне құл ретінде заңсыз сатылып кеткендігі баяндалады. "12 жыл құлдықта" фильміндегі басты рөлді сомдаған Чиветер Аджиофор де бұл байқауда жүлдегерлер қатарынан көрініп, "Ең үздік актер" аталымында топ жарды. BAFTA өткізген байқаудағы "Ең үздік британия фильмі" аталымында басты рөлдерде Джордже Клуни мен Сандра Баллок ойнаған фантастикалық "Гравитация" фильмі басқалардан оқ бойы озық шықса, ал осы туындының режиссері Кейт Бланшеттің еңбегі жоғары бағаланып, "Ең үздік режиссер" атанды. Ал, "Ең үздік әйел" рөлінде Вуди Алленнің "Көккөз Жасмин" фильміне түскен Кейт Бланшеттен асып түсер ешкім табылмады. BAFTA сыйлығы 1947 жылдан бері "Оскар" сыйлығы алдында "үлкен дайындық" ретінде беріліп тұрады.
Британ режиссері Стив Маккуиннің "12 жыл құлдықта" киносы BAFTA (Британиялық кино және телеөнер академиясы) аталымында ең үздік фильм болып танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарттық агенттігіне сілтеме жасап. Киножүлдені табыстау рәсімі ақпанның 16-ы күні "Ковент Гарден" атындағы королдік опера және балет театрында өтті.
"12 жыл құлдықта" фильмінде қара нәсілді бір жігіттің 1830-шы жылдары АҚШ-тың оңтүстік штаттарының біріне құл ретінде заңсыз сатылып кеткендігі баяндалады. "12 жыл құлдықта" фильміндегі басты рөлді сомдаған Чиветер Аджиофор де бұл байқауда жүлдегерлер қатарынан көрініп, "Ең үздік актер" аталымында топ жарды.
BAFTA өткізген байқаудағы "Ең үздік британия фильмі" аталымында басты рөлдерде Джордже Клуни мен Сандра Баллок ойнаған фантастикалық "Гравитация" фильмі басқалардан оқ бойы озық шықса, ал осы туындының режиссері Кейт Бланшеттің еңбегі жоғары бағаланып, "Ең үздік режиссер" атанды. Ал, "Ең үздік әйел" рөлінде Вуди Алленнің "Көккөз Жасмин" фильміне түскен Кейт Бланшеттен асып түсер ешкім табылмады.
BAFTA сыйлығы 1947 жылдан бері "Оскар" сыйлығы алдында "үлкен дайындық" ретінде беріліп тұрады.