09 наурыз 2016 21:22

"16 қыз" фильмі алғашқы аптада 45 миллион теңге табыс тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильм прокатқа 3 наурызда шыққан еді.


Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильм прокатқа 3 наурызда шыққан еді.

Алғашқы аптада фильмді 35 мыңнан аса көрерменнің тамашалағаны белгілі болды. Адамдар билеттерді 2-3 сеанс бұрын сатып алған. Кейбір кинотеатрлардың қызметкерлері, тіпті, "билет жоқ" деген жазуы бар қағаздар іліп қоюға мәжбүр болған.

Айта кетейік, "16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен "бел құда" салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген әкесінің өтінішімен Айжан Бауыржанға басқа қалыңдық іздей бастайды. Кейін олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.

Картинаның басты рольдерін Берік Айтжанов, Аша Матай және Әнуар Нұрпейісов сомдады. 2014 жылдың тамыз айында бастау алған түсірілім Шәкен Аймановтың туған жері - Баянауылда (Павлодар облысы), сонымен қатар, Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети