"200 фильм мен соншама сынған сүйектен кейін" Джеки Чан "Оскар" сыйлығын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"200 фильм мен соншама сынған сүйектен кейін" Джеки Чан "Оскар" сыйлығын алды Джеки Чан. © MIGnews.com

Әлемге танымал актер әрі режиссер Джеки Чан кинематографияға қосқан зор үлесі үшін "Оскар" сыйлығын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Америкалық кинематография өнері мен ғылымы академиясының Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

Сенбіде Лос-Анджелесте өткен марапаттау рәсімінде 62 жастағы Чан бұл сыйлықты аламын деп ойламағанын жасырмады. 

"200 фильмнен кейін, соншама сынған сүйектен кейін, бұл ("Оскар" - Авт.) менікі", - деді ол.

Қытай актерінің "Оскар" сыйлығын алатыны жайлы хабар биыл қыркүйекте шыққан болатын. Шығыс жекпе-жектерінің шебері өз мансабында жүздеген фильмге түскен.

Америкалық академияның кинематографияға қосқан үлесі үшін берілетін құрмет сыйлығы 1948 жылы бекітілген еді. Оны киноакадемия басшылығы тағайындайды. 

Forbes журналының мәліметінше, Чан табысы жоғары актерлердің тізімінде екінші орынды алып тұр екен (61 миллион доллар).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети