05 желтоқсан 2018 10:09

2018 жылдың үздік 10 фильмі аталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Америкалық кино өнері институты 2018 жылдың ең үздік он фильмін атады. Олардың қатарына Брэдли Купердің "Жұлдыз туды" (A Star is Born) және Питер Фарреллидің "Жасыл кітабы" (Green book) кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, үздік фильмдер қатарына Райан Куглердің "Қара қабылан" (Black Panther) картинасы, Джон Красинскийдің "Тыныш орын" (A Quiet Place) үрейлі фильмі, Роб Маршаллдың "Мэри Поппинс оралады" (Mary Poppins Returns), Бо Бернэмнің "Сегізінші сынып" (Eighth Grade) туындысы, Спайк Лидің "Черный клановец" (BlacKkKlansman) фильмі кірді. Тізімді жалғастыратын Йоргос Лантимостың "Фаворитка" (The Favourite) туындысы, Барри Дженкинстің "Егер Бил-стрит сөйлей алса" (If Beale Street Could Talk) фильмі мен 2017 жылы түсірілген, бірақ 2018 жылы жарық көрген Пол Шредердің "Дневник пастыря" (First Reformed) кинотуындысы.  

Мұның алдында АҚШ Ұлттық киносыншыларының кеңесі "Жасыл кітабты" жылдың үздік фильмі және Куперді ең үздік режиссер деп атаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети