"28 панфиловшы" фильмінің түсірілімі қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Экспресс-К". Қаржы 1 желтоқсанға дейін, жұмыстың негізгі бөлімі басталғанша қажет. Бір жылдан шамалы көп уақытта "28 панфиловшы" туралы фильмге 100 миллион теңге шамасында қаржы жиналған болатын. Бұл фильмге қажетті сомманың тек үштен бір бөлігі ғана.
"28 панфиловшы" фильмінің түсірілімі қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалуы мүмкін, - деп хабарлайды "Экспресс-К". Қаржы 1 желтоқсанға дейін, жұмыстың негізгі бөлімі басталғанша қажет. Бір жылдан шамалы көп уақытта "28 панфиловшы" туралы фильмге 100 миллион теңге шамасында қаржы жиналған болатын. Бұл фильмге қажетті сомманың тек үштен бір бөлігі ғана.
Айта кетейік, "28 панфиловшы" туралы фильм халықтың ақшасына түсіріліп жатыр. Мәскеу түбіне таяп қалған 18 неміс танкілерін тоқтатқан даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы туралы фильм түсруді 25 мың адам қолдаған. Ұйымдастырушыларға қаржы жобаның сайты арқылы түсіп жатыр. Сонымен қатар фильм ұйымдастырушыларына War Thunder ойының негізін қалаушы Gaijin Entertainment компаниясы қаржылай көмектесуде. Бұл компанияның жетекшілері фильм авторларына ойыннан түскен пайданың жартысын аударып отыр.
Жиналған қаржылар бүгінде іске асырылып жатыр. Команда кастинг өткізіп, костюм тігіп, керекті локация мен әскери техника іздеп жатыр. "Бізде түсірілім күні жоспар бойынша көп, бірақ біз күніне жеті не тоғыз кадр түсіру керекпіз. Бұл әрине үлкен жұмыс, сондай-ақ бұл дегеніміз біз түсірілім алаңында тәжірибе жасай алмаймыз деген сөз. Біз нені және қалай түсіріп жатқанымызды жақсы түсінуіміз қажет. Оның барлығы ойдағыдай өтуі үшін қазір дайындықтан дұрыс өтуіміз керек. Жақсы дайындық, сапалы фильм шығарудың кепілі болмақ. Дайындықтар қазір жақсы жүріп жатыр. Соғыс алаң өтетін алаң да табылды. Сол жерде біз Дубосеково маңындағы соғысты түсіреміз", - дейді фильмнің продюссері әрі сценарий авторы Андрей Шальопа.
Ол сондай-ақ түсірілім тобы фильмінің сюжеті бойынша батальон орналасатын ауыл іздестіріп жатқанын айтты. "Бүгінге дейінгі және қазір жасалып жатқан жұмыстардың барлығы да қанды соғыстың нағыз қаһармандары туралы фильм көргісі келетін көптеген адамдардың қолдауымен жүріп жатыр. Біз ол кісілердің көмектері үшін шексіз алғысымызды айтамыз. Біздің басты проблемамыз - негізгі бюджеттің жоқтығы. Бұл мәселе әлі де шешілмеді. Фильмнің алғашқы бөлімі негізі 2015 жылдың 16-қарашасында жарық көру керек. Біз 1 желтоқсанда түсірілімді бастасақ, жоспарланған уақытта жұмысты бітіре аламыз. Алайда, 1 желтоқсанға дейін қаржы болмаса, біз жобаны уақытылы аяқтай алмаймыз. Жағдай әрине қиын, қазір бізге көмек қатты қажет. Уақыт тым аз қалды", - дейді режиссер.