"28 панфиловшы" фильмінің түсірілімін Ресей мен Қазақстан қолға алады, - деп хабарлайды "Фонтанка.ру". Бұл тақырыпты Санкт-Петербургте өткен мәдени форум аясында Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский мен Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы талқылады. Олардың айтуынша, "28 панфиловшы" фильмі халықаралық әріптестіктің негізгі белгісі болады.

Мединскийдің айтуынша, "28 панфиловшы" фильмінің жартысы түсіріліп болды. Картина 2015 жылы прокатқа шығады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін жобаны қаржыландыру халықтық жинақ есебінен жүзеге асқаны айтылған болатын, ғаламтор арқылы 24 миллион рубль түскен. Алайда бұл қаржы жеткіліксіз болды, жоба авторлары "28 панфиловшылар" фильмінің түсірілімі ақша жеткіліксіздігі салдарынан тоқтап қала ма деп үрейленген еді.
"28 панфиловшы" фильмі 1941 жылғы күзде болған оқиғаларды көрсетеді, ол кезде немістер Волоколамск түбінде Мәскеуден екі сағаттық жерге таяды. Алайда сол тас жолда генерал Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы болды. Қарашаның 16-сы күні (генерал қайтыс болардан екі күн бұрын) Панфилов дивизиясының 1075 полкының 2-батальонының 4-ротасы Ұлы Отан соғысында аңызға айналған ұрысты бастан кешірді. Бұл ұрыста 28 панфиловшы Дубосеково разъезі маңына бекініп, немістің танк батальоны жолына тұрып, оларды тоқтатқан. 28 гвардияшыл-панфиловшының ерлігі Мәскеу үшін шайқастың ең жарқын символына айналды.