31 мамыр 2016 11:09

"28 панфиловшылар" фильмінің шығатын күні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"28 панфиловшылар" әскери драмасының прокатқа шығатын күні белгілі болды. Фильм 24 қарашада жарық көреді. Кинокартинаның прокатшысы Universal Pictures Russia, - деп хабарлайды "Вести.Ru".


"28 панфиловшылар" әскери драмасының прокатқа шығатын күні белгілі болды. Фильм 24 қарашада жарық көреді. Кинокартинаның прокатшысы Universal Pictures Russia, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

"Біздің жоба таяуда дайын болады және біз көптен күткен таныстырылымының уақытын жариялайтынымызға өте қуаныштымыз. Панфиловшылардың Дубосеково разъезінде көрсеткен ерліктеріне биыл 75 жыл толады. Кинокартинаның дәл осы жылы шығатынын және осы әйгілі ерліктің құрметіне арналған нағыз халықтық ескерткіш болатынын айта кету керек", - деді "28 панфиловшылар" фильмі мен CEOGaijin Entertainment тең продюсері Антон Юдинцев.

"28 панфиловшылар" фильмі 1941 жылы 16 қарашада Мәскеуді немістердің шабуылынан қорғаған генерал Иван Васильевич Панфиловтың қол астында болған 316-шы атқыштар дивизиясының кеңестік 28 жауынгердің көрсеткен ерліктеріне арналған. Фильмнің жұмыстары 2009 жылдан бері жүріп жатыр. Лентаның бюджеті - 150 миллион рубль. Оның 34 миллионын продюсерлер краудфандингтен түсіріпті. Ресейдің Мәдениет министрлігі 30 миллион рубль қаражат бөлді, ал тағы 19 миллион рубльді Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі бөліпті. Фильмнің режиссерлері Ким Дружинин және Андрей Шальопа.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети