31 жастағы қазақстандық режиссердің фильмі Австрияда жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 жастағы қазақстандық режиссердің фильмі Австрияда жүлде алды Фильм продюсері Дарья Корнеева жолдаған сурет

Қазақстандық режиссер Бақтияр Исламовтың "Там, где живет Эдип" қысқаметраж фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-ші Халықаралық Festival of Nations кинофестивалінде "Үздік эксперименттік фильм" жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық режиссер Бақтияр Исламовтың "Там, где живет Эдип" қысқаметраж фильмі Австрияның Ленцинг қаласында өткен 45-ші Халықаралық Festival of Nations кинофестивалінде "Үздік эксперименттік фильм" жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильм продюсері Дарья Корнееваның айтуынша, картина Алматы облысында түсірілген. Фильмнің режиссері, авторы әрі қоюшы операторы - Бақтияр Исламов. Қазылар алқасының айтуынша, фильмдегі кадрларда ерекше айқындық бар. Сондай-ақ, осы фильмнің фестивальде ұсынылған қазақстандық жалғыз фильм екені айтылады. Осылайша, Қазақстан алғаш рет "Үздік эксперименттік фильм" жүлдесін жеңіп алып отыр.

Айта кетейік, Festival of Nations - Австриядағы коммерциялық емес қысқаметраж фильмдердің фестивалі. Ол UNICA ұйымының және Австрия үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Жыл сайын кинофестивальге қатысуға әлемнің 55 елінен 1 000 өтініш келіп түседі. Кинофестивальдің ерекшелігі - барлығы киноны көріп болған соң қазылар алқасы оны кинематографтармен талқылайды. Биыл Германия мен Австрияның продюсерлері әрі режиссерлері қазылар алқасы ретінде келсе, Unica президенті Дэйв Вотерсон фестивальдің құрметті қонағы болды.

Бақтияр Исламов 31 жастағы ақын, кинорежиссер, қысқаметраж фильмдердің авторы. Оның "Небо над Берлином моего детства "(2015 жыл) фильмі Нью-Йорктегі фестивальде (12th Harlem International Film Festival) екі рет жүлде алған. Сондай-ақ, режиссер Лос-Анджелесте өткен Los Angeles World International Film Festival байқауында жүлделі болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети