Kinopark Нұртас Адамбаевтың фильмін прокатқа қайта шығарды

08 Желтоқсан 2015, 15:37
0
Kinopark Нұртас Адамбаевтың фильмін прокатқа қайта шығарды - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Kinopark кинотеатрлар желісі Нұртас Адамбаевтың "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмін прокатқа қайта шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Kinopark компаниясы көрермендер мен Нұртас Адамбаевтың өтініші бойынша "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмімен келісімшартты ұзартты. Алғашында Kinopark-қа келісімшартты ұзарт туралы көп хат келе бастады. Нұртас Адамбаев та осыны сұрады. Прокат бұрынғы форматта болады", - деді Kinopark кинотеатрлар желісінің даму және PR бойынша директоры Ерлан Бұхарбаев.

Еске сала кетейік, Kinopark 7 желтоқсаннан бастап фильмді прокаттан алу туралы шешім шығарған еді. Компания келісімшарттың толықтай орындалғанын жеткізді. Фильм прокатта екі апта болғаннан кейін оны алып тастау әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Біз Адамбаевтың фильмін 10 күн көрсету туралы келісімшартқа отырдық. Сондықтан да басқа фильмдердің прокатқа шығуына мүмкіндік беруіміз керек. Оның үстіне "Адель" фильмі шығады", - деді Ерлан Бұхарбаев. Режиссер Нұртас Адамбаев болса фильмнің прокаттан алынғанына қатты таңғалғанын айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай