Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

XI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

26 Қыркүйек 2015, 00:46
0
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Алматыда 19-25 қыркүйек аралығында өткен XI Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің ең басты жүлдесін қырғызстандық режиссер Мирлан Әбдіқалықовтың "Көктегі қоныс" фильмі иеленді. "Ең үздік режиссерлік жұмыс" аталымы бойынша "Набат" фильмі үшін әзірбайжандық Эльвир Мусаоглу жеңімпаз атанды. "Жат" фильмінде ойнаған Ерлан Нұрымбетов "Ең үздік ер адам ролі" аталымы бойынша жүлдеге ие болды. Әйел образын үздік сомдағаны үшін "Набат" фильмінің актрисасы Фатима Мотамед-Арья жеңімпаз деп танылды. Қазылар алқасы тағайындаған арнайы жүлдеге "Сүйікті іс" фильмінің режиссері Адитья Викрам Сенгупта (Үндістан) ие болды.

"Еуразияда" халықаралық қазылар алқасымен бірге  ФИПРЕССИ және НЕТПАК киносыншылары жұмыс істеді. ФИПРЕССИ қазылар алқасының жүлдесін "Шлагбаум" фильмі үшін қазақстандық режиссер Жасұлан Пошанов иеледі. НЕТПАК қазыларының "Орталық Азиядағы үздік фильм" жүлдесін режиссер Досхан Жолжақсынов "Құнанбай" фильмі үшін жеңіп алды. Сонымен қатар, ең үздік әйел және ең үздік ер адам ролі аталымдарының жеңімпаздары да анықталды. Оларға Еркебұлан Дайыров ("Шлагбаум") және Әлфия Сымбаева ("Сағынтайдың бірінші әйелі") ие болды.

Халықаралық қазылар алқасының төрағасы белгілі режиссер, 20 жүлденің лауреаты атанған Абдеррахман Сиссако болды. Биыл фестивальдің директоры ауысты, оны танымал кинорежиссер Рашид Нұғманов басқарды. Айта кетейік, "Еуразия" кинофестивалінің аясында қазақстандық белгілі режиссер Ақан Сатаевтың "Хакер" фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Картинаның презентациясына басты рольді сомдаған, америкалық Каллэн МакОлифф келді. Фестивальдің жабылу салтанаты кезінде Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева МакОлиффке домбыра сыйға тартты.

Айта кетейік, "Еуразия" кинофестивалі "Ұлы Жібек жолы: Батыс пен Шығыс мәдениетінің байланысы" ұранымен өткізілді. "Еуразия" аясында биыл алғаш рет "Шәкен Жұлдыздары" өтті. Жаңа кинофестиваль Қазақстан мен Орталық Азия кинематографтарының қолдауымен ұйымдастырылды.

Биыл Eurasia Masters білім беру бағдарламасына ерекше көңіл бөлінді. Мұның аясында мастер-кластар өткізіліп, жаңа бағдарламалар таныстырылды. 


Фото © Николай Колесников


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай