Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген фильм халықаралық фестивальге қатысады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kazakhfilmstudios.kz © kazakhfilmstudios.kz

Жәнібек Жетіруовтың "Шыңырау" атты көркем фильмі Халықаралық "Фаджр" кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жәнібек Жетіруовтың "Шыңырау" атты көркем фильмі Халықаралық "Фаджр" кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестиваль 2019 жылы сәуірдің 18-26 аралығында Иранның астанасы Тегеранда өтеді. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген.

Fajr International Film Festival (FIFF) Иран киносының дамуына үлкен әсер тигезітен, басқа елдермен мәдени алмасуға ықпал ететін ірі кинофестиваль. Негізі 1982 жылы қаланғалы бері фестивальдің қазылар алқасы қатарында әлем кинематографының белді тұлғалары - Фолькер Шлендорф, Кшиштоф Занусси, Бела Тарр, Агнешка Холланд, Андрей Звягинцев және Рүстем Ибрагимбеков болған.

Әбіш Кекілбаевтың повесі "Шыңыраудың" желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән құбылыстарды көтереді.

"Фильм тек кинофестиваль талаптарына ғана емес сонымен қатар көрермендердің де көңілінен шығатынына сенімдімін. Себебі фильмге арқау болған тақырып тың және құпия мен сырға толы касиетті Маңғыстаудың ғажайып табиғаты шығарманың бояуын қанықтырып, оған терең астар жүктеді. Биыл еліміз қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалып жатқанда фильмнің осындай халықаралық кинофестивальдерге қатысуы жазушының творчествасына берілген зор баға және біз үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын", - деді фильмнің режиссері Жәнібек Жетіруов.

Еске салайық, аталған фильм Бангладештің Дакка қаласында өткен 17-ші ХКФ үздік операторлық жұмыс номинациясы бойынша жеңіске жеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 495.59  course up  538.61  course up  5.74  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer